2022 жылдың 12 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Студенттік Парламенттің 1 курс студенттерімен ақпараттық кездесуі өтті.
Бұл кездесудің мақсаты студенттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге, қоғамдық белсенділікті дамытуға және жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға бағытталған біртұтас өзін-өзі басқару органы ретінде Студенттік Парламенттің қызметі туралы ақпараттандыру болды.
Іс-шара барысында сегіз фракцияның жетекшілері өз жұмыстары туралы айтып, өткізілген іс-шаралардың маңызды тұстарымен бөлісті, қызықтыратын сұрақтарға жауап берді және бірінші курс студенттерін колледждің студенттік өміріне белсенді қатысуға шақырды, өйткені белсенді жастар – еліміздің болашағы!